Багдат
ПОДЕЛИТЬСЯ СТРАНИЦЕЙ
История солдата
Әкем Бағдат Жаналин 1911 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданында орта шаруа отбасында дүниеге келген. Семей қаласындағы орта мектептің 7 сыныбын тамамдаған соң сол қалада қаржы курсының арныйы дайындығынан өтіп, қаржігер мамандығын алады. 1934 -1937 жылдары Қарағанды облыстық мемлекеттік қамсыздандыру бөлімінде ревизор, 1938 жылы Қарқаралы қамсыздандыру бөлімінде басшы, 1938 жылдан 1941 жылға дейін Подгорное (қазіргі Қырғызсай) ауылында Ұйғыр аудандық мемлекеттік қасыздандыру бөлімінде аға инспектор, 1941-42 жылдары Іле орман шарушылығының өндірістік бөлімінің басшысы болып жүрген жерінен әскер қатарына шақырылып, 1942 жылы аудандық әскери бөлімнен қатардағы жауынгер ретінде Кеңестер Одағына тұтқиылдан шабуыл жасаған неміс басқыншыларына қарсы соғысқа көппен біргеаттанды. 924 атқыштар полкінің құрамында жерді жаудан қорғау үшін қан кешіп, оқ жастанді. Харьков қаласының оңтүстік батысындағы орманды алқапта ұрысқа дайындалып, сол маңайдағы көптеген деревняларды азат ету ұрыстарына қатысады. Полевая, Семеновка, Лужск ауылдарын жұшпандардан тазартып, Старый Люботин қаласын қорғау ұрыстарында батырлық көрсетіп жанын да аямады. 25 қаңтар 1944 жылы жаудын оғы аяғына тиіп, ауыр жарақат алып госпитальге түседі. Денсаулығына байлансты соғыстан басталады. Аяғынан мүгедек болып оралса да, ауданның сол кезіндегі азып-тозған шаруашылықтарын қалпына келтіру істеріне жан-тәнімен кірісіп, жоғары білімді маман екендігін дәлелдеп, соғысқа дейінгі істеген жұмысына қайтадан оралады. Алтын өндіретін зауыттың директоры, ревизор, тексеруші, мемлекеттік қамсыздандыру мекемесінің басшысы лауазымдарын атқарып жүріп 1971 жылы мамыр айында зейнетке шығады. Ұлы Отан соғысындағы ерлігі үшін "Жауынгерлік қызметі үшін", "1941-1945жж. ҰОС Германияны жеңгені ушін", "ҰОС Жеңістің 20 жылдағы" және көптеген мадальдарды кеудесіне таққан әкем майданнан біз үшін батыр болып оралды.
Анамыз, Жаналина Жамал, екеуі он бала тәрбиелеп, өсіріп, олардың барлығына жоғары білім беріп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған бақытты ата-ана. Әкеміз 1973 жылы 62 жасында қайтыс болды. 62 жастық өмірінде балаларын адалдыққа, тазалыққа баулап, ешкімнің ала жібін аттамай қоғамның белді азаматы ету жолында тер төгіпті. Шүкір қазыр әр баласы бір-бір шаңырақтың иесі болып, ұрпақ өрбітіп отыр. Атасы мен апасы туралы біз өз балаларымызға айтып, олардың өмір жолдарын өнеге етудеміз.