Есмағамбет Барқытұлы Барқытов
Есмағамбет
Барқытұлы
Барқытов

История солдата

Соғыс ардагерлерін мақтайтындай істері бар. Оларды қай жағынан болсын ардагер деуге болады.

Құрметіне ие болып отырған сондай қарттарымыздың бірі – Айымжан ауылының тұрғыны Есмағамбет Барқытұлы Барқытов. 1916 жылы туған ардагер ұлт азаттық көтерілістен ел есін жинағанда дүниеге келіпті. Мүшелден асып бұғанасы қатты ма дегенде 14 жастан еңбекке араласқан. Ол кезде мынау баланың, мынау ересектің жұмысы деп бөлмейді, колхоз малын да баққан, шөбін де шапқан, егінін де жинаған. Еш жұмыстан бас тартпаған, қандай жұмыс болсын, бәріне қатысқан.

1935 жылы Преснов селосындағы егін соғатын молотилканың оқуын оқып техникаға көңілі ауған. Әрине, кәзіргідей жұмыс ол кезде болған жоқ.

Комбайын бір орында тұрып егін соғатын. Жай да жұмысшы жетпей жатқанда бұл екі есе ауыртпалық түсіретін. Балаң жігіт бригадир болып тағайындалды. Қарамағындағыларының көбі әйелдер, екі мезгіл жұмыс істейді. Егінді маялап бір жерге үю керек те, трактор молотилканы айналдырып егінді соғады.

Сөйтіп жүргенде ауылды дүрліктіріп 1935 жылы бірінші рет трактор келген.

Ал алғашқы тракторшылар қыздар және Бөкенбай Мұстафиндер сынды ер жігіттер болған.

Механизация қыр сырын үйрену үшін Ес - ата 1936 жылы үш айлық тракторшы оқуына барып оқыған. Көптеген қиыншылықтарды көріп тракторшы болып,  қиын қыстау кезеңінің еңбек дәмін молынан татқан.

Әлемді дүр еткізген қанды соғыс хабары Айымжанға да жеткен. Майданның алғашқы күндерінен шайқасқа аттанғандар көбейе берген. Ал 1942 жылдың 14 ақпаны 25-тен жаңа асқан қылшылдаған жас жігіт ел басына төнген қатер бұлтын сейілтуге өз үлесін қосуға аттанған. Дала бригадирі баяғы өзі білетін Петухов стансиясына дейін апарған. Біздін ауданнан 20 қазақ, 20 орыс бір вагонда аттанған. Біздін ауылдан төрт адам болған. Тамақтары арқаларындағы қапшықтарында, поезбен бір тоқтап, бір жүріп Омбы қаласына жеткен.

Ауылдастарының ішінде ең кішісі Есмағамбет болғасын поезд тоқтағанда суға бармақшы болыпты. Тағдырдың жазуы болды деген рас қой. Оның қолынан шелекті алып көршісі Хамза Рақымов суға кетіпті. Әрі тосады, бері тосады жерлестері у-шу болып іздеп бәріне хабарлайды. Ал Хамза болса сол кеткеннен мол кетіпті. Омбы қаласында қалып қойғанын Есмағамбет ақсақал әлі күнге өкінішпен айтады. Ал өзі болса, Шығыстан, Владивостоктан бірақ шыққан. Екі ай жаттығудан өткеннен кейін алғырлығын байқап кіші командирлік оқуға да жіберілген . 2000 адамды бөлгенде жауынгер Барқытов Камчаткаға кеткен. 20 шақты күн онда жатқаннан кейін, оларды тағы бөлген. 10 шақты Америкаға қарай шекараға жөнелтілген, солардың ішінде Есім ата да кеткен екен. Су асты деген сол екен. Беринг бұғазында тұрған 15 солдаттың ішінде тұрған екі қазақ, бір татар заставада болған. Үш шақырымдық жерді күзеткен. Бомбалауды да көрген. Бірақ ұрысқа кірмеген. Алып барады, алып қайтады. Бірде бір солдат сұрақ қойған: «Бізді неге соғысқа жібермейді? Не бітіріп жатырмыз?», «амеикандықтар өздері үшін көмектесіп жатыр. Отанымыздың шекарасын күзетіп тұрсыңдар. Босқа ой болмасын» - деген жауап алыпты. Төрт жыл кірпік қақпай ел күзетіп 1946 жылы туған жеріне оралған. Пороходпен камчаткаға келіп еліне дейін бір жарым ай жүріп келген. Соғыстан қайтқан жауынгер өзінің үйреншікті темір тұлпарына қайта мінген. Содан тапылжымай 1971 жылы зейнетке шыққан. « осы күнге дейін жетемін деп ойламап едім, тәуба», - дейді Есім ата.

Қазіргі оның тұрмысы ауылдағы бетке ұстар отбасыларындай. Жолдасы Тырнақ апай екеуі екі ұл, үш қыз тәрбиелеп өсірді. Бір қызы Бескөлде, екінші қызы Петропавл қаласында үйлі-баранды. Үлкен ұлының, кіші қызының өмірден ерте кеткені жүрегіндегі жазылмас жара,  ауыр қайғы. Сырласатын кемпірі де о дүниелік болып кетті. Бес немересінің бес үй болып шөбере көрсетіп отырғаны өлгені тіріліп өшкені жанғаны. Осы кісінің келіні Қабида апай туралы аңыз етіп айтуға болады. Жолдасынан бес баламен жастай қалып ата-енесін күтіп, қайынсіңілі қайындарының өмірден орындарын табуына да ықпал ете білді. Бастарынан өткен не жағдай болмаса да көтере білді.

Іргелі үйдің берекесі болып отырған Есім атамыз да 2005 жылы о дүниелік болды.

Ардагердің кеудесінде, медальдар, орден жарқырайтын. Тіпті бірінен бірі бөліп болмайтын. Осындай қария аталарымызды естен шығармай, әрдайым еске алып отырып, адагер аталарымызды естен шығармайық.

Регион Республика Казахстан
Населенный пункт: Актау

Автор страницы солдата

Страницу солдата ведёт:
История солдата внесена в регионы: